Мәдениет министрлігінің мәліметінше, басты партияларда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші опера солистері қатысады.
Қоюшы режиссер - Беларусь Респубикасы Ұлттық академиялық опера және балет театрының бас режиссері Михаил Панджовидзе, қоюшы дирижер - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы суретші - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайреткері, Новосибирск опера және балет театрының бас суретшісі Игорь Гриневич, сондай-ақ жарық бойынша суретші - Сергей Шевченко, компьютерлік графика және мультимедиа бойынша суретші Павел Суворов.