Елордада компьютерлік графика мен дизайн байқауы басталды

Қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның айтуынша, мұндай байқауларды өткізу инновациялық технологиялардың дамуына жол ашып, студенттерге өз идеяларын жүзеге асыруға және біліктіліктерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, І республикалық «Кристальды пиксель» компьютерлік графика мен дизайн байқауы Астана қаласындағы Политехникалық колледж пен Adobe Systems Inc компаниясының бастамасымен ұйымдастырылуда. Қолдау білдірушілер - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының Білім басқармасы. Онда еліміздің барлық аймақтарының мектеп, колледждерінен 120-дан астам студент қатысады.