Елордада күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

"Нұр-сұлтан бойынша электрондық денсаулық сақтау филиалының ресми ақпараты бойынша, маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылып жатыр", - деді Қисықова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың бір бөлігі үйде ем алып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын қалада 50-60 жағдай тіркелетіні айтылады