Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті 2006 жылы Ресей азаматын телефон арқылы өлтіремін деп қорқытып, ірі көлемдегі ақшасын қолды еткен.

Бұл дерек бойынша Омбы облысы ІІД РФ ҚК 330-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап ер адам мемлекетаралық іздеуде болды.

Елорда көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін астана аумағында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.


Полицейлер шетел азаматтары жүруі ықтимал жерлерді, құрылыс нысандарын тексерді.

Іс-шара барысында 150 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматы ұсталды, - делінген хабарламада.