Елордада өткен ерекше акция елдің есін шығарды

Астанада өткен ерекше акция тұрғындардың тәубесін есіне түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі бұл шара «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» кең ауқымды республикалық науқаны аясында ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Осы орайда Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, науқанды өткізді.

"Акция барысында полицейлер жол апатына ұшыраған бірнеше көлікті эвакуаторларға тиеп, қала көшелерімен жүріп өтті. Осындай шара арқылы полицейлер қоғамның назарын жол апаттарының салдарына аударғысы келген. Олардың пайымынша, жол жүрісіне қатысушылар өзара іс-қимыл жасауға, жол қауіпсіздігін сақтау мен жүргізуші мәдениетін арттыруға ерекше мән беруі тиіс" - дейді ұйымдастырушылар.

Акция Астананың негізгі көшелерінде өтті. ЖКО салдарынан қираған көліктердің керуені Жастар сарайынан басталып, Республика даңғылы, Тәшенов, Тәуелсіздік, Б. Момышұлы, М3 көпірі, Мәңгілік Ел, Достық, Қабанбай батыр, Қонаев, Тұран, Сарыарқа, Бөгенбай даңғылдарымен жалғасты.