Елордада «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта іс-шара өткізіледі

Іс-шара Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 үй (бұрынғы Ломоносов көшесі, 45-үй) мекен-жайында өткізіледі.

1-бөлімде жалпы журналист қызметіндегі Интернеттің маңызы мен қазақша интернеттің мәселелері талқыланбақшы.

2-бөлімде блог ашу, «Фейсбук», «Твиттер» әлеуметтік желілерінде тіркелу және оларды пайдалану нақты іс жүзінде көрсетуге арналған семинар-тренинг өткізілмекші.

Екі бөлім арасында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми талқылаулар болады.