Елордада ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтеді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отырған спорттық шараға Қазақстан мен Ресей Федерациясының негізгі хоккей командалары қатысады. Жанкүйерлер Ханты-Мансының «Югра», Хабаровскінің «Амур», сонымен қатар астаналық «Барыс» және өскемендік «Қазмырыш-Торпедо» клубтары ойыншыларының мұз айдынындағы өнерін тамашалауға мүмкіндік алады. Елорданың «Барыс» командасымен өткен матчтар және финалдық ойын «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнирді «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отыр.