Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа монумент тұрғызылады


(«Астана белгісі» архитектуралық және мүсіндік композициясы) ашық республикалық байқау жариялады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау 2015 жылдың 6 қазанынан 6 қарашаға дейін өтеді. Шараға кәсіби архитекторлар, мүсіншілер, суретшілер қатыса алады. Байқауқа қатысушылар тіркелу шарттары және басқа да қажетті мағлұматтарды мына мекенжай бойынша анықтай алады: «Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, 010000 Астана қ., Әуезов к-сі, 6, 310 бөлме. Тел. +7 (7172) 919-426, 8-705-783-73-07.