Елордада құтқару бөлімшелеріне ауа райына байланысты 3500-ден астам қоңырау түсті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және осы 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялап, адамдарды қалаға жеткізді.

«Қазіргі уақытта күннің бұзылуына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабыұ. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск»,-делінген хабарламада.