Елордада «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өз шымылдығын ашады

 Бас қалаға барлығы 9 театр труппасы келеді.  Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды

дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

 Олардың ішіндегі ең айтулысы - Түркия Мемлекеттік театрының «Мераки», қазақ тіліне аударғанда «Үрейлену» мағынасын беретін қойылым. Бұл өмірі үрейленіп жүріп, ақыры түрлі күлкілі оқиғаларға тап болатын адам жайлы әсерлі әрі жайдарлы комедия. Кейіпкер айналадағы бар нәрсеге алаңдайды, әрнені білгісі келеді. Соңында, бойын билеген өлім мен аурудан қорқу сезімі оны тығырыққа тірейді.

Сондай-ақ, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында:  Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры (Павлодар) «Әпкенің әлегі қойылымымен; Маңғыстау қуыршақ театры (Ақтау) «Сдобная Лиза - настоящая кошка» қойылымымен; А. Иманбаева атындағы театрландырылған-музыкалық орталығы (Алматы) «Медея» (комедия) қойылымымен;

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында:  М. Горький атындағы Мемлекеттік республикалық орыс драма театры (Ресей, Дағыстан, Махачкала) «Одолжите тенора!» (комедия) қойылымымен; Облыстық орыс драма театры (Қостанай) «Ходят слухи» (комедия) қойылымымен;  Ақмола облыстық орыс драма театры (Көкшетау) «Эдит Пиаф» (драма) қойылымымен; С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры (Жезказган)  «Әбілмансұр» (тарихи драма) қойылымымен;

 «Жастар» (Оқушылар сарайы) театры сахнасында: Түркия мемлекеттік театры «Meraki» (комедия) қойылымымен; Г. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы) «Күшік күйеу» (комедия) қойылымымен.


Халықаралық театр фестивалі аясында Астанаға барлығы 204 қатысушы келеді. Фестиваль қонақтары ретінде төмендегі Ресей және Қазақстанның танымал театр сыншылары шақырылды:

- Әшірбек Сығай - театр сыншысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Вербицкая Галина Яковлевна - Өнер институтының профессоры, театры сыншысы (Уфа), Аманкелді Мұқан - театр сыншысы (Алматы).

Қала күні мерекесі қарсаңында Астана театрлары бірқатар қойылымдарының тұсауын кеседі.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры театр фестивалі аясында «Тіл табысқандар» комедиясын сахналайды. Комедия авторы өзбек драматургы Мар Байжиев, қойылым режиссері Болат Ұзақов.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры израильдық Леон Агулянскийдің  «Торғайдың ұясы» трагедиясының тұсауын кеседі. Қоюшы режиссері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов.

«Жастар» театры сахнасында «Жер мен көктің арасы» (авторы Марк Левин, режиссері Дәурен Сергазин) қойылымы көрсетіледі.

Астана қаласы Қуыршақ театры «Мереке» қойылымын сахналайды.

Авторы К. Ежембеков, режиссері К. Ешмұратова.