Елордада «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасы өтеді

деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«14 желтоқсан күні «Шабыт» шығармашылық сарайында «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Жоба авторы - ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, сценарий авторы - профессор Г.Үкетайқызы, музыка авторы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков. Қоюшы режиссерлары - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбаев пен Бекболат Құрманғожаев», - делінген хабарламада.

Мюзиклдің премьерасына мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, ұлттық компаниялардың өкілдері, елімізге танымал әртістер мен музыканттар және шетелдік қонақтар қатысады.