Елордада туристік ықшам аудан пайда болады


Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, компания АХҚО-да тіркелген.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Аумақта демалыс орталықтарын, жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын – сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. Демек, қалада туристік орам пайда болады. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Іске асыру мерзімі- 5-6 жыл. Компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.