Елордада жаңа саябақ ашылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз әр ауданда, әр елді-мекенде арнайы орындардың болғанын қалаймыз. "Көктал" елді-мекенінде үлкен саябақтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол үш аймақтан тұрады. Біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Ол жерд амфитеатр болады, 4 мың 300-ден астам ағаш отырғызамыз. Екінші аймақ - спорттық демалысқа арналады. Ол жерде футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңын, теннис кортын орнатамыз. Сондай-ақ, скейтбордтық алаң және йога орны болады", - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

 

Үшінші аймақ - балалардың демалысына арналған орын. Барлық аймақтарды қыста да қолдануға болады. Тұрғындар конькимен, шаңғымен және басқаларымен шұғылдана алады.


"Жалпы биыл 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық ауланы абаттандырамыз. Сонымен қатар, елді-мекендерде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы басталады", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.