Жаңа үлгідегі демалыс орталығы барлық қажетті қондырғылармен және мүлікпен жабдықталған. Жалпы ауданы 415 м2 клубта 20 жуық үйірме жұмыс істейтін болады: хореография залы, бейнелеу өнері, дзюдо, бокс, каратэ, еркін күрес, таэквандо, шахмат, үстел теннисі, әуе модельдеу, танк шебері, ағаш пен металл өңдейтін шеберхана. Жастар музыка кабинетіне жазылып, домбыра, барабан, гитара, синтезатор, пианино және т.б. аспаптарда ойнап үйренеді.
Басқармадағылардың атап өтуінше, күн сайын аула клубы 6 - 29 жастағы 300-500 жуық адамды қабылдайды. Жалпы, Басқарма жанынан 9 аула клубы жұмыс істейді.