Елордада «Жасыл көпір» бағдарламасы және «Астана Экспо-2017» бойынша халықаралық конференция өтуде

Алқалы жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі: «Біз бұл форум дәстүрге айналады деп сенеміз. Бұл бізге жыл сайын туындаған проблемаларды, сұрақтарды талқылауға және осынау маңызды мәселедегі серіктестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан экономикасының негізгі салалары мұнай-газ, тау-кен, металлургия секторлары барынша тұрақты әрі белсенді даму үстінде.

«Дегенмен, біз индустриялық дамудың кері жағын да ойлаймыз. Бұл - экожүйенің бұзылуы ресурстардың түгесілуі. Су энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту қажет. Бұл ретте су ресурстары әр кезде де бірдей тиімді пайдаланып бөлінбейді. Біз аталған бағытта алғашқы қадам жасадық. Бүгін орын алып отырған ахуалды сараптадық»,-деді С. Ахметов.

Сонымен қатар Премьер-Министр дәл осы бағытта жасаған екінші қадамына да тоқталды. Еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын әзірлеп, ол Елбасы Жарлығымен бекітілгенін атап өтті.