Нұр-Сұлтанда 17 жастағы оқушы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Полиция қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша елордалық мектептердің бірінің 17 жастағы оқушысын ұстады. Ботаникалық бақтың аумағында кәмелетке толмаған бала жүкті әйелден анасына қоңырау шаламын деп iPhone 11 телефонын сұрап, қымбат тұратын iPhone 11 смартфонын алып қашып кеткен", - дейді полицейлер.
Бірнеше минут өткен соң бейнебақылау инспекторы Ботаникалық бақ аумағында бір жігітті байқаған. Оқиға орнына "Талас" патрульдік полициясының экипажы жіберілген, олар күдіктіні ұстап, телефонды алып кеткен.