Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, сәрсенбіге қарай жауын-шашын жауады. Түнде ауа температурасы -6; 0°C, күндіз +3+6°C болады.
«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы -4-6°C, күндіз +3+5°C болады», - деп хабарлады аstana.kz сайты.
Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы -1-3°C, күндіз +4+6°C болады.
Сәрсенбі күні ауа райы жауын-шашынды болады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз +4+6°C болады.