Елордадағы ЕХРО көрмесінде екі орталықтың жұмысы іске қосылды

Оған қоса, көрмеге қатысушылар визалық қолдау, көші-қон есебі, салық салу, авторлық құқық секілді бірнеше қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік бар.

- Бүгінгі таңда 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым осы көрмеге қатысатынын ресми растады. Осы барлық қатысушы мемлекеттерге және олардың қызметкерлеріне осы орталықтар қызмет көрсететін болады. Осы жерде өздерінің кеңестерін береді, осы жерде құжаттарын дайындауға, т.б. осы жерден қызметтерін бітіруіне болады, дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Ақсұлу Арзықұлова.

Сонымен қатар, Аккредиттеу орталығының да тұсауы кесілді. Енді көрме аумағын көргісі, өзге нысандарды аралағысы келетін адамдар онлайн жүйеде тіркеліп, құқық қорғау органдарында арнайы тексерістен өтуі тиіс.