Елордадағы көлік қозғалысы 649 сырттай қадағалау камерасымен бақыланады

Реттеушілер жұмысы қала көшелеріндегі көлік қозғалысы көп жерлердегі кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді.

«Қарбалас» сағаттарда көше қиылыстарында орналасқан бағдаршамдардың көлік құралдары нөпірінің легін жай кездегідей реттеп отыруға әркез толық мүмкіндігі болмайды. «Елордадағы көлік қозғалысын Астана қаласының ІІД Шұғыл басқару орталығы (ШБО) 649 сырттай қадағалау камерасы көмегімен тәулік бойы бақылап отырады», - деп жазады елорданың ресми сайты.

Көлік құралдарының ірі кептелісі орын алған жағдайда, ШБО нұсқауы бойынша және тікелей үйлестіруімен жол полициясы инспекторлары көше қиылыстарындағы көлік қозғалысын қолмен реттейді. Сонымен қатар тек бір көше қиылысымен шектелмей, қаланың көше-жол жүйесінің жағдайы толықтай ескеріледі.