Елордадағы «Опералия-2012» халықаралық фестивалі аясында «Әлемдік балет жұлдыздары» гала кон­церті өтеді

«Опералия» арқасында Астана тұрғындары мен қала қонақтары әлемнің үздік театрларындағы балеттің көрнекті солистері мен танымал опера әншілерінің өнерімен танысуға мүмкіндік алуда.

1 шілде күні сағат 19.00-де Астана қаласындағы «Қазақ­стан» орталық концерт залында «Опералия-2012» халықаралық фестивалі аясында «Әлемдік балет жұлдыздары» гала кон­церті өтеді.

Оған әлемге әйгілі Роберта Маркез, Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Коврос­ки, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сяньдон, Чжан Синь­­лю (Қы­тай ұлттық операсы), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), Мәскеу­дегі Үлкен театр солистері Екатерина Крысанова, Владислав Лантратов (Ресей), сонымен қатар өзіміздің К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет теат­рының жетекші солистері Мадина Басбаева, Рүстем Сейітбеков, Әйге­рім Бекетаева, Таир Гатауов, Гаухар Усина, Жандос Әу­бә­кі­ров және Абай атындағы Мем­л­е­кеттік академиялық опера және балет театрының балет әртіс­тері Сәуле Рахмедова, Азамат Асқа­ров өнер көрсетеді.