Елордадағы «SOS-International Балалар ауылында» тұратын балалар әскери бөлімшеде болып қайтты

Арнайы өткізілген «Ашық есік» шарасы барысында балаларға әскери бөлімдегі күнделікті өмір: жаттығулар, сарбаздардың атқаратын қызметтері, асхана, демалыс орындары көрсетілді. Іс-шара аясында әскерилер жеткіншектерге Отан қорғаушылардың ел алдындағы міндетін орындау кезіндегі табысты мысалдар туралы хабардар етіп, мемлекет сақшысының киім-кешегін және заманауи техникаларын таныстырды.

Сонымен қатар адамының ғарышқа ұшуына 50 жыл толуына орай, «Ғарыш сапары» компаниясы және «Ақорда» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен балдырғандарға Юрий Гагарин жайында түсірілген «Ғалам көшпелісі» фильмі көрсетілді.

«Осындай шаралар болашақ Отан қорғаушылардың жүрегінде өшпес жағымды із қалдырып, олардың бойында патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыруға сөзсіз септігін тигізеді»,-дейді ұйымдастырушылар.