Елордалық оқушылар қашықтан оқып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы қалалық білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген білім басқармасының хабарламасында.