Елордалық «Астана жолбарыстары» Атыраудың «Барысымен» кездесті

Ойын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің спорт залында өтті.

Тартысты ойында «Барыс» 71:92 есебімен «Астананың жолбарыстарына» есе жіберді. Астаналықтар Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, ҚР Кубогының 4 дүркін иегері, сонымен қатар Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының қатысушылары болып табылады.

Қазақстанның XIX чемпионатының жартылай финалына жолдама алған «жолбарыстар» енді, алдағы сәуір айының 9-10 күндері қостанайлық «Тобылмен» кездеседі.