Елордалық Бейбітшілік және келісім сарайына Нефертити патшайымның мүсіні қойылады

«Нефертити Астанада» деп аталатын көрменің қарсаңында Мысырдың танымал археолог және тарихшы ғалымы, доктор Захи Хауастың жетекшілігімен Бейбітшілік және келісім сарайына Каирдегі Мысыр мұражайынан бірінші жәдігер - атақты Нефертити патшайымның мүсінінің лицензиялық көшірмесі жеткізілді.

Қазақстан мен Мысырдың арасындағы достықтың белгісі ретінде астаналық «пирамидаға» тарту етіліп отырған бұл жәдігер Бейбітшілік және келісім сарайы мен доктор Захи Хауас бас хатшы болып табылатын Каирдегі Көне ескерткіштер жөніндегі жоғарғы кеңестің арасындағы қарым-қатынастың бастамасы болып табылады.