Елордалық вокзалға Nur-Sultan атауы берілді

"Біз "Астана" вокзалының атауын Nur-Sultan (латынша) деп өзгерттік. Вокзал атауын қала атауымен бірдей еттік", - деді ОТБ вокзал шаруашылығы директорының орынбасары Абай Досанов Tengrinews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, 2019 жылы 8 сәуірде вокзалдың атауы өзгерген. 

2019 жылы 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан атауына өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.