Елорданың қақ ортасында әуе шары құлады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Көкте қалықтаған шарда бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді.

Қатты желдің әсерінен шар жерге қатты құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған. 112 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген.

Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.