Елордасында "Әлем жұлдыздары Астанада" атты халықаралық фестиваль өтеді

"Фестиваль Бейбітшілік пен келісім сарайының 1-қыркүйекке белгіленген ашылу салтанатына орайластырылған",- деді А.Әлиев.

"Бейбітшілік пен келісім сарайында басқа залдармен бірге 1500 орынға есептелген салтанатты опера залы бар",- деді ол.

А.Әлиевтің айтуынша, "Бейбітшілік пен келісім сарайындағы опера залын әлемдік жұлдыз Монсеррат Кабалье ашады". Сонымен бірге бұл залда Анастасия Волочкова, Евгений Иванченко, Марк Перетокин сынды әлемдік балет жұлдыздары, ведущие солисты оперных театров Италияның опералық театрларының жетекші жеке орындаушылары - Роберто Аланья, Валерия Эспозито, Стефано Антонуччи сынды танымал әртістер мен АҚШ-тың джаз өнерінің жұлдыздары бес күн бойы өнер көрсетеді. Концертке еліміздің танымал опера жұлдыздары да атсалысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті