Елордасының алдағы мерейтойы еліміз үшін ауқымды саяси маңызға ие - Н. Назарбаев

"Осы жылдарда Астана ірі халықаралық шараларды өткізетін дәстүрлі орынға айналып, біз тәжірибе жинақтадық", - деді мемлекет басшысы.

"Алдағы мерейтойдың саяси маңызы зор. Бұл жай мереке ғана емес, жалпыұлттық шара, ол тек Астананың ғана емес, жалпы Қазақстанның дамуына тың серпін беруге тиіс", - деді ол. "Астана бүгін қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның, еліміздің жаңғыруы мен тәуелсіздігінің нышаны", - деді президент.

"Елордасының мерейтойы барша Қазақстандықтарды біріктіретін күшке айналуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің пікірінше, Астананың 10 жылдығы тек Елордасында ғана емес, бүкіл республика көлемінде тойлануға тиіс. "Барлық облыстық әкімшіліктер мен Алматы қаласының әкімшілігі де Елордасының мерекесін ұйымдастыруға белсене атсалысуға тиіс. Қазақстан халқы өзін осы оқиғаға қатысы бардай сезінуі үшін Елордасының мерейтойы облыстарда да тойлануға тиіс", -деді президент.

Атап айтсақ, оның пайымдауынша, кейбір ірі шараларды жалпыреспубликалық арналармен тарату жайын да ойластыру керек.