Елші Б. Сәрсенбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ Кеңсесінің басшысы И. Фахуридің кездесуінде «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізуде Астанаға қолдау көрсету мәселесі қозғалды

Бұл жайлы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады

Қазақстан дипломаты иордан тарапына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, сондай-ақ Қазақстан Елшілігіне өз жұмысын жүргізуде қолғабыс көрсетіліп отырғанына ризашылығын білдірді.

И.Фахури өз кезегінде екі ел арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мен Король Абдалла ІІ бен Хусейн арасындағы сенімді қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Кездесу барысында иордан министріне АӨСШК-нің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальді тапсырылды.

Сонымен қатар, тараптар «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.