Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жаттықтырушы шәкірттеріне Елтаңбаның маңыздылығын түсіндірген.
“Бір айдан бері әжетханадағы унитазда тиын жатыр. Ол да су ағызған сайын ақпайды екен. Әжетханаға қанша рет кіресіңдер сол кезде тиынды алуға шамаларың жетпей ме? Әлде жиіркенесіңдер ме? Бұл жерде тренерлердің де кінәсі бар. 50 теңге тек ақша емес. Соны көріп тұрып алмағандарың елге деген сүйіспеншіліктеріңді, нағыз бет-бейнелеріңді көрсетеді. 50 теңгенің артында еліміздің Елтаңбасы тұр. Елтаңба үшін Мұхит ағаларың қан мен тер төгіп жүрген азаматтардың бірі. Жерде 5 теңге болсын, 1 теңге болсын Елтаңба үшін алып, биік жерге қоюларың керек. Елтаңба үшін жанымызды беруіміз керек. Қазақтың балалары қалай болса солай қараса, басқалардан не күтеміз. Елдің болашағы сендерсіңдер. Соның бәрі осындай әрекеттерден басталады”, - деді тренер.