Елуге таяп қалсам да жас жігіттер қырындайды - Бахыт Шадаева

"Ұнамаса, қарама" атты youtube желісіне берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Отбасы жағдайыма байланысты өнерден шеттеп қалдым. Екі жыл болды қайта қолға алдым өнерімді. Өз басым өзімді күтінуге уақытым жоқ. Уақытымен тамақтанамын, аз болса да қатарымнан қалыспай көңіл бөлемін. Елуге жақындасам да, қырындайтын жігіттер көп. Жалғыздық Құдайға жарасқан. Пендеміз ғой, әйел адаммын, қасыма тіреу болатын, жағдайымды түсінетін, бәрін дұрыс қабылдайтын азамат болса қарсы емеспін. 

Сұхбат беруден қорықпаймын, қорқатын сәттің бәрінен өтіп кеттім. Ақыл тоқтаттым, сабырлымын, анау-мынау сұрақтарға көңіл бөле берсең ары қарай өмір сүру қиын болады. Сондықтан, оның бәріне мән бермеуге тырысамын. 

Жақсы бір хит ән үшін ізденісте жүрмін. Компазиторлар бізді ысырып қойған сияқты, жастарға ғана береді әндерін. Жастарға айтқым келеді: жастар-ау сіздер де менің жасыма келесіңдер, сол кезде не болады. Мені қазір сыйласаңдар ертеңгі күні сендерге де солай құрмет болады" деп. 

Сейфуллин Жолбарыспен бір кездері дуэт айтқан болатынбыз. Қазір арамыз онша емес, сәлеміміз де дұрыс емес. Інімдей жақсы көрдім, сыңарымдай қабылдаған едім. Бірақ, ол сенімімді ақтамады. Арамызда пәтер сатып алу мәселесі жайлы кикілжің болды. Жақсылықтарымды ұмыта бастады, бәрін жоққа шығарды, сенен де басқа мықты әншілер бар дегендей тұмсығын көтере бастап сондай қылықтарымен мені өкпелетіп қойды. Сөзінде тұра алмаған жігітке өкпелімін. Бірақ, өнер адамы сыйлаймын, өтіп кетті бәрі, жақсы ән жазады, әндері жүрекке жақын, халық алдында жүрген өнер адамы, мен оны сыйлаймын", деді әнші сөз соңында.