Елжан Біртанов: «Ешқандай қылмыс жасаған жоқпын»

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ләйла Сұлтанқызының желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Үйдеміз. Жұмысқа шықтым қайтадан. Әрі қарай заң бойынша апелляцияға береміз. Оған дайындық бар. Өзіміздің тазалығымызды қорғауға дайынбыз. Ешқандай қылмыс жасаған жоқпыз», - дейді Е.Біртанов

Ал, журналисттің «Бұл жағдайды отбасыңыз қалай қабылдады?» деген сауалына «Отбасым қуанышты. Қыздарым кішкене жылады», деп жауап берген. Және «Саясатта түрлі жағдайлар болады. Еш өкпе болмау керек. Бұл – өмір ғой» деп айтып өтті.

Экс-министрдің қысқа сұхбатын тамашалағандар «сізді көріп жылағым келіп кетті», «ақталып шығуына тілектеспіз» деген сынды пікірлерін жазып жатыр.


Еске салайық, біраз бұрын Елжан Біртановтың ісін қолдау үшін ашылған желідегі парақшада «Бүгін сот үкімі шықты. Санавиация бойынша Елжан Амантайұлын толық ақтады. 5 жыл БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕДІ, айта кетейік,  БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛМАДЫ, ШЕКТЕДІ», - деп хабарланған жазба жарияланған еді. Және онда да «толық ақталғанша қайтпайтыны» атап өтілген.