Емельяненко 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Тергеу нұсқасы бойынша, наурыздың 3-не қараған түні Емельяненко оның пәтерін жинаған әйелді зорламақшы болған,  сондай-ақ оның төлқұжатын тартып алған.

Сот спортшыға сонымен бірге 50 мың рубль көлеміндегі айыппұл салды.

Александр Емельяненко - Ресей мен әлемнің әскери самбодан бірнеше дүркін чемпионы. Ол аралас жекпе-жектер бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Федор Емельяненконың інісі болып табылады.