Емельяненко небәрі 2 минуттың ішінде бразилиялық Педро Хиззоны есінен тандырды

деп хабарлады Утро. ру.

«Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко жекпе-жекті баяу бастағанымен, екі минуттан кейін қыза түсіп, 37 жастағы қарсыласының басына бірнеше рет қатты соққы жасады. Хиззо есінен танып, құлап қалды, сөт төрешісі жекпе-жекті тоқтатып, ресейлік спортшының қолын көтерді.

Федор Емельяненко ауыр салмақта ММА аралас жекпе-жек бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол «Pride FC» нұсқасы бойынша 4 дүркін, «RINGS» нұсқасы бойынша 3 дүркін және «WAMMA» нұсқасы бойынша 3 дүркін чемпион. Сондай-ақ ол әскери самбо бойынша 4 рет әлем чемпионы атағын еншілеген.