емлекеттік секторда GPS-навигаторлар пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі

«Мысалы, президенттің іс басқармасында GPS-навигаторлар қолданылатынын білемін. Жалпы, мемлекеттік органдарда ғана емес, квазимемлекеттік сектор мен бюджет саласында осындай құралдарды пайдалану мемлекет қаржысын едәуір үнемдеуге көмектесер еді», - деді ол сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, Ә.Бәйменов «болашақта бұл қаржының бір бөлігін қатардағы мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыруға пайдаланса болар еді» деген ұсыныс жасады.