Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Кеше Баян Мақсатқызының туған күнін атап өттік! Дүркіретіп! Шақыртуының өзі айтып тұрды : Дайындалыңдар ! Бұндай Birhday party болмаған әлі !” деп.
Арғымбаев Азаматтың арнайы тіккен көйлегін киіп бардым, кірдім залға. Жарқ-жұрк еткен софиттер. Канн фестиваліндегідей қызыл кілем, зал түгел гүлмен безендірілген, фотостендтерде “ Баянская ветвь “ , фотограф- видеографтар.
Ал, кештің соңындағы тосын сый Валерий Меладзенің шыққаны потолок болды.
Бізді басқа пабликтерде сөгіп жатыр екен үйтті - бүйтті деп. Біз де адаммыз ғой, демалдық кеше! Баян Мақсатқызының жолдасы: “Қымбатты қонақтар! Демаңыздар, тойлатыңыздар, көңіл көтеріңіздер, ән айтып, би билеңіздер. Бқл кеш менің сүйікті жарымның туған-туыстары мен жақын жора-жолдастарына!" деген соң, жібердік аттың бассын.
Ұмытылмас кеш үшін рахмет Баяша, Түрсен! Туған күніңізбен тағы да. Армандарыңыз орындала берсін! Өміріңіз әдемі, жалғаса беретін, көп сериялы End-i жоқ кинодай болсын!", деп жазды әнші.
"Осыны да керемет көйлек деп мактана айтып турсынба? .дурыс.айтады казакы емшек той болыпты.уят ай барин кпзакша көйлек киіп шыксандар өте керемет коринетин еди . Осыны да керемет той деп", "Біздің кемістер кешкі көйлек тек кеудесі жалаңаш көйлек деп түсінетін болып тұр ғой", "Ашық киіну дің психосоматикасы ВНИМАНИЕ жетіспеушілік. Бала кезде толық махаббат ала алмағандықтан. Жетіскеннен адам ашық киінбейді", деп жазды оқырмандар.