Емтиханнан сүрінбей өткен 75 жастағы қарт жаңа жүргізуші куәлігін алды - Қызылорда

Сынақтан өту үшін 9 шілдеде 75 жастағы қария Аралбай Әбдіразақов «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының №4 бөліміне құжаттарын тапсырған. Ол қазіргі талапқа сай барлық теориялық және тәжірибелік емтихандардан сүрінбей өтіп, жүргізуші куәлігін алды.