Фильм блогерлердің Қазақстан бойынша бірлескен сапарының нәтижесінде түсірілген. Бұл сапарда Дастан шетелдік қонаққа жол көрсетуші болған, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Фильмнен Іле Алатауының лаванда алқаптарын, Маңғыстаудың ғарыштық пейзаждары және елорданың футуристік көріністерін көруге болады. Осының барлығы фильмнің жарыққа шыққаннан кейін бірден миллиондаған қаралым жинауына мүмкіндік берді.
Мұхамедрахим бұған дейін Джо Хаттабтың Сальвадор түрмесінде түсірген резонанс тудырған басқа бір фильмін де еске салды. Аталған туынды шамамен 100 миллион қаралым және 51 мың пікір жинап, оның арнасындағы ең көп талқыланған фильмдердің біріне айналған. Дастан Қазақстан туралы жаңа фильм үшін дәл осы көрсеткішті межеге айналдыруды ұсынды.
Дастан қазақстандық оқырмандарын өзіндік челленджге қатысып, Қазақстан туралы жаңа фильмнің астындағы пікірлер саны бойынша рекорд жаңартуға шақырды. Қазақстандықтар бұл челленджге қазірдің өзінде белсенді түрде қосылып жатыр. Белсенділік қарқынына қарағанда, Қазақстан туралы фильм атақты саяхатшының ең көп қаралған туындыларынан да асып түсуі мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша бұл сапарға Джо Хаттаб пен Дастан Мұхамедрахимнен бөлек, MegaAmerican атымен танымал тағы бір Instagram-тревел-блогер де қатысты.