Ен далада адасқан ресейліктер құтқарылды - ШҚО


Ресейліктердің келеңсіз оқиғаға  тап болғанын құтқарушыларға Хантымансийск қаласындағы әріптестері хабарлапты. Ер адамдар, солардан көмек сұраған.

Іздеу жұмыстары 8 сәуірде басталған. Ер адамдар шамамен бір тәулік бойы дала кезіп жүрген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ТЖБ кешкі сағат сегіздер шамасында Аягөз қаласынан 85 шақырым жерде көлікті тапты. Жоғалған ресейліктің бірі сонда отырған. Ал Аягөз қаласынан 40-45 км жерде, Жырғалы стансасынан екінші азамат табылды. Екеуінің де жағдайы жаман емес.