Енді алматылықтар тек қоғамдық көлікпен жүреді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

BRT, LRT, метро, жаңа қоғамдық көлік түрін енгізу жоспарланып отыр. Сондықтан ақылы тұрақ жасап жатқынымыз оған дайындық, – дейді әкім.

Бірақ әкімнің сөзінше, бұл өзгерістер әзір енбейді. Оған бірнеше себеп те бар.

Бұл жүйеге кіру үшін автопарктеріміз жеткіліксіз. Қазір шұғыл түрде 3 автопарк құрылысын бастадық. Сол іске қосылған соң, BRT-ні енгізетін боламыз. Соған кедергі келтіретін тұрақтарды жолдан алып тастаймыз, – деді ол.

Транспорт мәселесін айтқанда ол тікелей экологияға да байланысты. Мысалы бір автобус 20-30 жеңіл көлікті алмастырады. Сондықтан әкім экология мәселесінде де жеңіл көлікті қоғамдық көлікке алмастыру тиімді шешім болатынын айтады.