Бұл сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деп күтеміз. Шамалы өсім болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды, - деді министр ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан отандық өнім өндіру арқылы сиыр етінің 97%-ын, қой етін 100%-ын, жылқы етін 97,5%-ын қамтамасыз еткен.
Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толығымен отандық өндіріс есебінен өтеледі. Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз, -деді Қарашөкеев.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда қой етінің бағасы 15%-ға өсті