Caravan Logo

Енді елімізге келетін шетел азаматтарына QR код беріледі

Енді елімізге келетін шетел азаматтарына QR код беріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, шетелдік қонақ QR кодтың көмегімен порталға өтеді, ол жерде қауіпсіз жүріп-тұруға қатысты барлық ақпарат, ұсыным мен пайдалы мобильді қосымшалар қолжетімді.

Safetravel.kz порталында шетелден келетін азаматтарға ұсынылады:

полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы да бар
көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама
танымал қосымшаларға сілтеме жасалған қала картасы
ресми такси мен онлайн қызметтердің тізімі
байланыс операторларының тізімі және олардың ресми сайттарына сілтеме
әр түрлі жағдайда әрекет ету алгоритмдері
басқа шұғыл қызмет байланыстары, оның ішінде жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, бірыңғай құтқару қызметі.