Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
19 наурыздан бастап Қазақстанда тұтынушылық несиеге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген жаңартулар негізінде жүзеге асырылады.
Жаңашылдықтардың ең маңыздысы – қарыз алушыларға қойылатын талаптардың күшеюі. Бұған дейін 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға ғана несие берілмейтін. Енді бұл шектеу айтарлықтай қысқарып, 30 күнмен шектеледі.
Яғни кез келген несие бойынша төлемін бір айдан артық кешіктірген адамға жаңа тұтынушылық қарыз рәсімдеу мүмкін болмайды. Дегенмен бұл талап бұрын алынған несиені қайта қаржыландыруға әсер етпейді.
Алғаш рет несие алатындарға талап күшейеді
Жаңа ережелер қауіпсіздік шараларын да күшейтуді көздейді. Енді онлайн немесе кепілсіз несие рәсімдеу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізіледі.
Бұл өзгеріс соңғы уақытта жиілеген интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Әсіресе, бөгде адамның атына СМС-код арқылы несие рәсімдеу фактілерін азайту мақсатында қолға алынды.
Егер азамат бұрын несие алып көрмеген болса және оның кредиттік тарихы болмаса, 150 айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы шамамен 650 мың теңге) жоғары сомаға қарыз алу үшін банк бөлімшесіне өзі баруы қажет.
Банкке келген кезде де клиент биометриялық тексеруден өтіп, жазбаша келісім береді. Ал несие сомасы көрсетілген межеден төмен болса, қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік сақталады.
Банктердің жауапкершілігі артады
Жаңа заң тек қарыз алушыларға ғана емес, қаржы ұйымдарына да қосымша міндет жүктейді. Егер клиенттің шотына немесе несиесіне қатысты алаяқтық әрекеттер анықталса, банк:
Жалпы енгізіліп отырған өзгерістер халықтың шамадан тыс қарызға батуын болдырмауға, сондай-ақ қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, бұл талаптар тұрмыстық техника, смартфон сияқты тауарларды бөліп төлеу немесе несие арқылы сатып алуға да қатысты болады.