Ендi кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiмет» МК Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлманов мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Халық арасында уақытша тiркелу мен электронды анықтамалар беру сияқты мемлекеттiк қызметтерге сұраныстың артуына байланысты ҚР Iшкі істер министрлігімен келiсiмге қол жеткiздiк. Бүгiнгi күннен бастап уақытша тiркеудi баспананың орналасқан жерiне қарамастан ХҚКО-ның кез келген бөлiмшесiнде рәсiмдей беруге болады. Бұған дейiн осындай қызмет көрсетiлмеген», - дедi Ш.Әбдiлманов.

Директор орынбасарының айтуынша, бұл қызмет бiрнеше ауданнан тұратын Астана, Алматы, Шымкент сияқты iрi қалалардың барлығына енгiзiлдi.


«Мысалы, баспанасы Астананың Есiл ауданында орналасқан азамат Сарыарқа ауданындағы бөлiмшеде тiркеудi рәсiмдей алмайтын. Оған Есiл ауданына бару керек болатын. Ендi азаматтарға кез келген ХҚКО-да уақытша тiркеуге қатысты қызмет көрсетiледi», - дедi Ш.Әбдiлманов.