Енді көлігіңізді «Нұржол» тұрағына қалдырсаңыз, сағатына 100 теңге төлейсіз

Жобаның алғашқы кезеңінде «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы жұмысын бастайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Машинаны таңертең сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін тұрақта қалдырғаны үшін көлік иелері әр сағатқа 100 теңгеден төлейді. Төлем тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі, төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы ақпаратты www.2888.kz. сайты арқылы, сондай-ақ, 8 (7172) 57 64 81 тегін нөміріне хабарласып білуге болады.

Автотұрақтар аумағында төменде көрсетілген көлік құралдарын тегін қоюға болады:

Тиісті тану белгілері, түрлі-түсті графикалық бояулары және жазулары бар жедел қызметтердің (жедел медициналық көмектің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің) көліктері;

«Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғалардың атына тіркелген көліктер;

Көлікті өзі басқарып отырған немесе сол көліктің ішінде отырған бала кезінен мүгедектігі бар азаматтардың және І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына тіркелген арнайы көлік құралдары; мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары; мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің көлігіне лайықталған орындар тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген.

Тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көлік құралдарының ішінде отырған Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, белсенді армияның құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет өткен әскери қызметшілерге, сондай-ақ, жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлерлеріне тіркелген көлік құралдары;


Тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көліктің құралдарының ішінде отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұдан бұрын «Батыр ана» атағын алған, I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың атына тіркелген көлік құралдары;

Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдардың атына тіркелген;

Тікелей өзі басқарып отырған немесе осы көлік құралдардың ішінде отырған, әскери қызметтен босатылған немесе әскери дайындықтан өткен, Ауғанстандағы және жауынгерлік әрекеттер орын алған басқа да елдерде интернационалдық борышын өткерген азаматтардың атына тіркелеген көлік құралдары.

Толығырақ ақпарат алу үшін 8 7172 57 64 81 нөміріне хабарласуыңызға болады.