енді көлік жүргізуге сенімхатты тегін алуға болады.
"Интернет немесе электронды цифрлік қол қоюға қолжетімді болса болды. Нотариуске барудың еш керегі жоқ", делінген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның хабарламасында.
Өтініш беруші қандай да бір құжаттардың қосымша көшірмелерін беруге міндетті емес.