Енді көрермендер кинотеатрда Әнұран орындайды

Үндістанда бұдан былай кино көруге келгендер алдымен Әнұран орындап, тек содан кейін ғана фильм тамашалайды. Елдің Жоғарғы соты кинотеатр қожайындарын әр сеанс алдында ұлттық гимн ойнатуға міндеттеді. Көрермендер Әнұран шырқалған кезде, орындарынан тұруы тиіс , деп хабарлайды Baq.kz.

Сот шешімі он күннен кейін күшіне енбек.


«Біздің мақсатымыз – адамдардың бойында патриоттық сезім ояту», - дейді сот өкілдері.

Бұл дәстүр Үнді елінде өткен ғасырдың 60-70 жылдары кеңінен таралған екен. Алайда жылдар өте ұмыт бола бастаған.