Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол ДДСҰ-ның жақында берген кеңестерінде маска кию коронавирус инфекциясын болдырмауға арналған қажетті шаралардың бірі деп есептегенін атап өтті.
"Эпидемиолог ретінде мен көшеде мұндай шұғыл қажеттіліктің жоқтығына сенемін, егер сіз ешкіммен жүрмесеңіз, ешкіммен байланысқа шықпасаңыз, бетперде киюдің аса үлкен қажеттілігі жоқ. Жабық аумақта маска кию - алдын алу шараларының бірі", - деді Айзат Молдағасимова онлайн-брифинг барысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Алматыда карантин енгізілгеннен кейін, вирус жұқтыру бойынша өсу саны төмендеген.