Оған сәйкес жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білуге міндетті. Осылайша қазақ тілі мемлекеттік қызметтің негізгі жұмыс тіліне айналмақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа «Адырна» - ға сілтеме жасап.
«Қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілге басымдық беруді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша шаралар қабылданады. Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілін білуге міндеттейтін талаптар әзірленетін болады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2029 жылы Қазақстан халқының 84 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді деп күтілуде.