Енді мемқызметкерлер ХҚКО-ға бармайды

Осыған орай ОҚО мемқызметкерлері ХҚКО-ға бармай-ақ мәлметтерді алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл тұрғыда облыс әкімі Ж. Түймебаев 9 қарашадағы «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында барлық мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің e–gov порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-ға бармай, электронды түрде алуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті облыстық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараттары мен облыстық және аумақтық басқарма, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін арнайы 3 кезеңде электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша мастер-класс өткізді.

Мұнда әрбір қатысушы өзімен бірге әкелген ЭЦҚ
-
мен e-gov порталына кіріп, электронды қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді.

Оқудан өткен азаматтардың барлығы өз аудандарындағы және мекемелеріндегі әріптестерін электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.